Өткен жыл туризм саласы үшін толағай табысты жыл болды
Өткен жыл туризм саласы үшін толағай табысты жыл болды
6 жыл бұрын 3189 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылы халықаралық туристер қарасы 1,322 млрд адамды құрап, рекордтық деңгейге жеткен. Бұл соңғы 8 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл әлемдік туристік ұйымының есебінде айтылған. Мәселен, Еуропаға өткен жылы 671 млн адам аяқ басқан. Ал Азия-Тынық мұхиты аймағына 324 миллион адам сапар шеккен. Солтүстік және Оңтүстік Америкаға 207 млн адам саяхаттаған. Африка құрлығына шамамен 82 млн адам ағылған. Таяу Шығысқа 58 млн адам барған екен. Бұл ғаламдық экономиканың біртіндеп көтеріліп келе жатқанын көрсететін жағымды жаңалық. Сарапшылар алдағы жылдары туристер қарасы артпаса, кемімейтінін алға тартып отыр. Биыл, яғни, 2018 жылы туристер саны шамамен орташа есеппен 4-5 пайызға артады.  

0 пікір
Мұрағат