Өмірдің ұзақтығын алдын ала анықтауға бола ма?
Өмірдің ұзақтығын алдын ала анықтауға бола ма?
9 жыл бұрын 4659

Ендігі жерде ғалымдар адамның ДНК-на анализ жасай отырып, оның өмірінің ұзақтығын, яғни, қанша жасайтынын анықтай алатын болады. Халықаралық зерттеушілер тобы адамның ағзасында болып жататын химиялық реакцияны интерпретациялауды үйренді. Былайша айтқанда, тұлғаның өмір сүру ұзақтығын шамалап анықтауға мүмкіндік беретін, өзінше айтқанда «биологиялық сағатты» тапты.

 

Биологиялық сағат

Адамның жасы – өмір сүрген уақыттың жиынтығы ғана емес. ДНК-дағы жасқа қарағанда туу куәлігінде жазылған жастың аса маңызы болмай қалады. Адамның биологиялық сағатын есептеу үшін ғалымдар тәжірибеге өз еркімен қатысқандардың нақты жасын ДНК-да көрініс тапқан химиялық өзгерістермен салыстырған. Метилирлеу ретінде белгілі процесс ДНК физикалық тұрғыдан өзгерте алмайды, алайда, белгілі бір гендердің экспрессиясына әсер етеді. Science Blog басылымында жазылғандай, биологиялық жасы нақты жасынан асып кетсе, осы екі жас бір-бірімен сәйкес келетіндерге қарағанда ерте өледі. Бұл процесс өз алдына бөлек жүргізілген төрт зерттеу барысында қайталанған болатын. Бұл мәліметтер 5000 қарт адамды 14 жыл бойы бақылау жолымен алынғанын айта кету керек. Төрт зерттеудің де нәтижелерінің бірдей болып шығуы биологиялық сағат пен барлық себептер бойынша (кездейсоқ апаттан болатын өлімді есепке алмағанда) болатын өлімнің арасында байланыстың барын көрсетіп берді. Бұл жайында Эдинбургск университетінің ғалымдары хабарлады. Тіпті, шылым шегуден болатын кеселді, сусамыр немесе жүректің соғуы секілді факторларды да есепке алғанда нәтижесі осындай болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат