Бір-біріне мүлде ұқсамайтын егіз қыздар көпшілікті таң қалдырды
Бір-біріне мүлде ұқсамайтын егіз қыздар көпшілікті таң қалдырды
9 жыл бұрын 5525

1997 жылдың қаңтар айында дүниеге келген  егіз қыздар Люси мен Мария Эйлмердің бір-біріне мүлде ұқсамауы көпшілікті таң қалдырды.

Олардың анасы Донна – ямайкалық, ал әкесі – ақ нәсілді. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі ofigenno.cс сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. "Біз дүние есігін ашқанда, анамыздың таңданысында шек болмаған. Себебі, теріміздің түсі сияқты баланың ерекшеліктері жүктілік кезінде УДЗ арқылы белгілі бола алмайды ғой. Анамыз, тіпті, екеуіміздің екі түрлі болып жарық дүниеге келетінімізді үш ұйықтаса да түсінде көрмеген шығар. Біз туылған сәтте медбике анамыздың қолына бізді ұстатқанда, тілінен айырылып қала жаздапты", - дейді Люси.

"Ешкім де біздің егіз екенімізге сенбейді. Себебі мен – қарамын, ал Люси – ақ. Бірдей киінгеннің өзінде де егіз түгілі, апалы-сіңлілерге де ұқсатпайды. Басқа адамдармен танысқан кезде олар бізден дәлел ретінде жеке куәліктерімізді сұрайды", - дейді Мария. Қыздардың шыққан жанұясы кішкентай емес, олардың екі ағасы мен әпкесі бар. Көбі қыздардың ата-анасының бір болғанына мүлдем сенбейбі екен.

Апалы-сіңлілер кішкентай болғанда айналадағы адамдар оларды осы "ертегіні" өздері құрып алған жақын құрбылар, деп ойлаған көрінеді.

Қазір апалы-сіңлілер екі түрлі колледжде оқиды. Мария Челтнемде құқықтану мамандығын оқып жүрсе, Люси Глостерде бейнелеу өнерінің қыр-сырын танып-білуде. Алайда, осыған қарамастан, олар – бір-біріне ұқсамайтын мүлдем екі түрлі жандар. Қыздардың өздері арамыздағы байланыс күшті дейді.

0 пікір
Мұрағат