Нұх пайғамбар құрастырған кеменің көлемі қандай болып еді (фото)
Нұх пайғамбар құрастырған кеменің көлемі қандай болып еді (фото)
5 жыл бұрын 9627 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың зерттей келе жасаған тұжырымына қарағанда, Нұх пайғамбардың Алланың пәрменімен құрастырған кеменің ұзындығы шамамен 135 метрді, ал ені 23 метрді құраған. Ал биіктігі 15 метрден аспаған. Қазіргі заманда мұндай кеме қалыпты саналғанымен сол кезде бұл ең алып кеме болатын. Мәселен, салыстырмалы түрде алсақ, осыдан 4000 жыл бұрын кеме құрастырудан алдына жан салмаған финикиліктер (бүкіл елмдік тасқыннан кейін) сауда жүгін тиейтін кемеге ие болған. Олардың ең үлкенінің ұзындығы бар-жоғы 30 метрден аспаған еді. 

Әлбетте, мұндай алып кемені құрастыруға Нұх пайғамбар 120 жылын сарп кеткен. 500 жасында кеме құрылысын бастағанда оған үш ұлы көмек көрсеткен. Тіпті, 500 жыл бұрын да мұндай алып кеме жасалмаған еді. Мәселен, Американы ашқан деп батыстық тарихшылар айтып жүрген Христофор Колумбтың кемесінің ұзындығы 25 метрден аспаған еді. Сол кемемен-ақ Атлант мұхитын кесіп өтті. Мұны неге айтып отырмыз? Аргумент үшін айтып отырмыз. 

 

Яғни, Нұх пайғамбардың кемесінің көлемі бір футбол алаңынынан сәл-ақ асар еді. 

Егер осы заманғы зәулім үйлермен салыстырсақ, Нұх кемесінің биіктігі 9 қабатты тұрғын үйдей болар еді. 

 

Мәселен, орыс олигархы Абрамовичтың ұзындығы 162 метрге жететін Эклипс яхтасымен салыстырсақ...

 

Немесе биіктігін Париждегі әлемге әйгілі Эйфел мұнарасымен салыстырсақ...

 
Арнайы фильм түсірілген, айсберге соғылып апатқа ұшыраған Титаник кемесімен салыстырып көрсек...
 

Я болмаса осы заманғы әлемдегі ең алып америкалық  Энтерпрайз авианосецімен (ұзындығы - 342 метр) салыстырсақ...

Тіпті, Нұх кемесін авианосцтың трюмасында тасымалдауға болады.

Сұйытылған газды өндіретін кәрістердің қалқымалы зауыттың ұзындығы 488 метр. Төмендегі картинкада ол ең төмен жайғасқан...

 
Дерек көзі: интернет
 
0 пікір
Мұрағат