Нейтронды зеңбірек жасалады
Нейтронды зеңбірек жасалады
6 жыл бұрын 3002 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пентагон жетекшісінің бірінші орынбасары Майк Гриффиннің ойынша, болашақта ғарыш кеңістігінде нейтронды зеңбірек жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жайында Defense One ақпарат көзі хабар таратты. «Бағытталған энергия – тек лазер ғана емес, одан да үлкен нәрсе. Бұл маңызды. Аса қуатты микротолқын электрониканы жойып жібере алады. Нейтарлды бөлшектер жүйесі де осындай»,- деп ойын нақтылай түсті. Оның айтуынша, өткен ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ мамандары нейтронды қаруды ғарышта зымыранға қарсы жүйеде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырған екен. «Біз ендігі жерде 19080-1990 жылдары бастаған, қазіргі уақытта қол жеткізу оңай технологияларды ұмыт қалдырмауымыз керек»,- деді ол артынша. Айта кетейік, инженер-физик Майк Гриффин 2005-2009 жылдар аралығында НАСА жетекшісі болған. Бұдан бөлек, ғарыш аппараттарын жобалау жөніндегі көптеген ғылыми жұмыстардың авторы, сертификатталған ұшқыш-нұсқаушы.

0 пікір
Мұрағат