«Мұхаммед» атты көркем фильм түсіріледі
«Мұхаммед» атты көркем фильм түсіріледі
9 жыл бұрын 3663

Мохаммад Маджидидің ең жаңа туындысы «Мұхаммед» көркем фильмі имам Резаның (ғ.) туған күнінің жылдығымен бір мезгілде тамыздың 26 күні экранға шығады,- деп хабарлайды muslim.kz сайты. 

Бұл фильм Канаданың Монреаль қаласында өтетін фильмдер фестивалінің ашылу салтанатында халықаралық көрсетілім үшін таныстырылады. Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласынан 55 км жерде орналасқан ұлық пайғамбардың (с.а.у.) кино қалашығында Мекке мен Медине қалаларының 1400 жыл бұрынғы кейіптегі макеті шынайы көлемде жобаланып, жасалды.

Осы декор ислам тарихы туралы басқа фильмдердің жобаларында ұлық пайғамбардың кино қалашығы ретінде қолданылатын болады.

0 пікір
Мұрағат