Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған көрме ашылды (видео)
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған көрме ашылды (видео)
8 жыл бұрын 6005 khabar.kz

Астанада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған көрме өз жұмысын бастады. Ол кісі бізге фольклортанушы, этнограф, тарихшы, талантты ақын, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген тұлға ретінде жақсы таныс. Тұңғыш Президент мұражайындағы «Мәшһүр жайлы сөз еткенде» атты әдеби кешке ақын шығармашылығын зерттеушілер мен филология ғылымдарының докторлары қатысты.  Айта кетейік, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы әдеби және ғылыми мұрасы алтын қазыналы қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.  Әсет Пазылов, тарихшы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шырақшысы -Бүгінгі таңда Астана қаласына әкелген атаның заттары өте құнды. Оның ішінде атаның өзінің зиратынан шыққан көк тасы, атаның өзінің ұстаған заттары, көзілдірігі және де бүгінгі күнге жеткен Құран кәрімі, одан кейін киімдері сақталған. Осының бәрін Астанаға әкеліп, халыққа ұсынып отырмыз.  

 

0 пікір
Мұрағат