Мәдина – жалғыз саяхаттаушылар үшін әлемдегі ең қауіпсіз қала атанды
Мәдина – жалғыз саяхаттаушылар үшін әлемдегі ең қауіпсіз қала атанды
2 жыл бұрын 2292 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Aasma Shah pinterest

Исі мұсылман үшін қасиетті Мәдина шаһары әлемдегі ең қауіпсіз қала атанды жалғыз саяхаттаушылар үшін. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта InsureMyTrip саяхатты сақтандыру сайты «Жалғыз-жарым саяхаттайтын әйелдер үшін әлемдегі ең қауіпсіз қала» деп аталатын арнайы зерттеуді әлемнің 65 елінде жүргізген екен. Тұрғындар саны 2 млн адамнан асатын Мәдина қаласы (10/10) көш бастаған бұл тізімде жалғыз-жарым саяхаттайтын әйелдер үшін екінші орында Таиландтағы Шианмай елді-мекені (9.06/10) тұр, ал үшінші орынға Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласы (9.04/10) жайғасқан, төртіші орыннан Жапонияның Киото қаласы (9.02/10) көрінген, бесінші орынға Қытайдың Макаосы (8.76/10) табан тіреген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жерленген киелі Мәдина шаһары 2021 жылдың қорытындасы бойынша әлемдегі ең сау қала атанған еді. Дәлірегі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы исламның алтын бесігі болған қаланы адамның тәні мен жаны сау болуға қажетті әлемдік барлық талаптарға сай келетін қала деп таныған болатын.

0 пікір
Мұрағат