|
Көк Құран - қасиетті қолжазбалардың өзгеше данасы (фото)
|
Көк Құран (араб. المصحف الأزرق) — IX ғасырдың соңы мен Х ғасырдың бас кезі аралығында Кайруан мұсылмандары үшін жасалған тунистік-куфалық көк түсті Құран қолжазбасы. Аталмыш қолжазба ислам өнерінің ең керемет туындалырының бірінен саналады және ең қымбат қолжазбалардың бірі болып табылады.
Қолжазба - пергаментте алтыннан (хризография) және күмістен жазбаны қамтиды. Сондай-ақ, қызыл сия пайдаланылған.

Қолжазба 7 томнан, 600 беттен тұрады. Османлы империясы тұсында жарты әлемді шарлап шықты десе де болады. 1923 жылы оның кейбір беттерін Ыстамбұл шаһарында коллекционер Ф. Р. Мартин сатып алып, кейін оларды Еуропада сатып жіберген.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)