Жерасты мешіті әлемдегі ең үздік ғимараттардың қатарынан көрінді (фото)
Жерасты мешіті әлемдегі ең үздік ғимараттардың қатарынан көрінді (фото)
6 жыл бұрын 4018 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі сәулетті дамыту мақсатында құрылған халықаралық одақ - Британия сәулетшілерінің королдік институты (RIBA) 2018 RIBA халықаралық тізімін түзді. Бұл тізімге әлемнің 28 елінде кездесетін 62 үздік ғимараттар енді. Олардың арасында Түркиядағы әлемге әйгілі жерасты мешіті де бар. Бұл жайында Forbes ақпарат көзі хабар таратты. RIBA жетекшісі Бен Дербиширдың айтуынша, іріктелгендер сәулет өнерінің алтын стандартына енеді. RIBA мамандары апта бойы түскен өтініштерді қарап, көрнекті сәулетші Элизабет Диллер (Diller, Scofidio + Renfro серіктесі әрі негізін қалаушы) бастаған қазылар алқасы мұқият түзілген тізімнен алтауын таңдап, өз сыйлықтарын тарту етеді. Аталмыш марапат екі жылда бір беріледі және оны әлемнің ең керемет сәулет туындыларын көтермелеу үшін тағайындалған. Осы заманғы өнер үшін берілетін жүлделі орынға таласатын жобалардың қатарында вертикалды орман (Boeri Studio жобасында екі тұрғын үй мұнарасы бар ғимарат: 800 ағашы, 4500 бұтасы және 15 000 өсімдігі бар), Саудиядағы корол Фархад атындағы ұлттық кітапхана және біз сөз етіп отырған «Санкаклар» мешіті бар. Айта кетейік, аталған мұсылмандардың құлшылық үйінің жобасын Emre Arolat Architects сызған. Ыстамбұл шаһары маңында орналасқан. Бұл мешіт 7 метр жер астында салынған. 650 адамға шақталған.

в турецкой мечети

Дизайн мечетиМечеть 2014

мечеть Sancak в Турции

Мечеть архитектура

мечеть в Турции Sancak

Мечеть Турция

Намаз в подземной мечети

Новая мечеть в Турции

Турецкая мечеть

Турецкая мечеть

Турция Мечеть

0 пікір
Мұрағат