Жаһан: «Мұхаммед 100К» халықаралық жобасына атсалысуға шақырады
Жаһан: «Мұхаммед 100К» халықаралық жобасына атсалысуға шақырады
9 жыл бұрын 2695

Аталмыш әлеуметтік жобаның қолға алыну мақсаты Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өнегелі өмірі мен қасиетті қайраткерлігін насихаттауға саяды. Осынау жобаға атсалысқысы келетіндер Ақиын елшіге (с.а.с.) деген сүйіспеншілігін, құрметін білдіре алады, яғни, Екі әлем сардарына (с.а.с.) деген ыстық ықыласы мен ізгі сезімін жолдай алады. Сіздің жазбаңыз Кітапқа енеді және интерактивті нұсқада жұртшылықтың назарына ұсынылады. «Мұхаммед 100К» қосышасы туралы мәлімет: iOs және Android құрылғыларына арналған қосымашада түрік, ағылшын, француз, орыс және өзге тілдерде хадистер қамтылады. Сондай-ақ, «Мұхаммед туралы 100 000 сөз» кітабынан жазбалар қамтылады. Бұған қоса, Ардақты елші (с.а.с.) жайында түсірілген ғылыми-танымдық фильмдер де, дін, мәдениет тақырыптарында осы заманғы форматта Stand UP халықаралық форумдар өткізу де осы жоба аясында қарастырылып отырған іс-шаралардың қатарына кіреді.

 

Рохиньялық мұсылмандардың азапты өмірі туралы көрме

АҚШ-тың белгілі фотографы Грег Константин Ыстамбұл шаһарында Мьянмадағы діни азшылықты құрайтын, будда радикалдары тарапынан қысым көріп отырған  рохиньялық мұсылмандардың ауыр да азапты өмірі туралы көрме өткізді. «Ешқайда апармайтын сілтеме» деп аталатын көрмеде рохиньялық мұсылмандардың қиын өмірі бейнеленген фото-суреттер жұртшылықтың назарына ұсынылды.  Фотограф Грег Константин Мьянмада 12 рет болған екен. Ол әр барғанында рохиньялық мұсылмандардың өксікке толы өмірінен сыр шертетін кадрларды таспаға тартып алып отырған. Рохиньялық мұсылмандар жайындағы оның көрмесі Вашингтон, Бангкок және Женева қалаларында өтті. 

0 пікір
Мұрағат