Елімізде тұңғыш рет: "Пойыздағы кітапхана" жобасы
Елімізде тұңғыш рет: "Пойыздағы кітапхана" жобасы
6 жыл бұрын 3976 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Зеріктіретін ұзақ жолдағы ең сенімді серігіңіз - кітап. Уақыттың қалай өткенін де сезбей қаласыз әрі балағына сүрінген күйбең тірліктің соңында кітап оқуға уақыт таппай жүргенде жан сарайыңызды бір сергітіп алуға таптырмайтын мүмкіндік туды. 

Еліміздегі пойыздардың бірінде "Пойыздағы кітапхана" деп аталатын жоба қолға алынды. Бұл жайында "Жолаушыларды тасымалдау" акционерлік қоғамының баспасөз қызметінде айтылды. Дәлірегі, кітаптар № 10/9 «Байтерек» фирмалық пойызында «Астана — Алматы-1» бағытындағы жолаушыларға беріледі. Кітапты оқу тегін. Ең басты шарты: кітапты бүлдірмей қайтару. Кітапты вагондардың категориясына қарамастан барлық жолаушылар оқи алады. Пойыздағы кітап қоры қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген түрлі жанрлардан (детектив, классика, деректі әдебиеттер, фантастика, т.б.), балалар әдебиетінен, мерзімді басылымдардан тұрады. Пойыздағы кітапхананы пайдалану ережесі қарпайым: жолсерікке қалаған кітабыңызға тапсырыс бере аласыз. Тек жетер жеріңізге бір сағат уақыт қалғанда қайтарып берсеңіз болды. Кітаптар қызмет көрсету вагонында сақталады. 

0 пікір
Мұрағат