Ефес және Диярбакыр қамалдары ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енді
Ефес және Диярбакыр қамалдары ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енді
9 жыл бұрын 2855

Антикалық қала болып табылатын Түркиядағы Ефес және Диярбакыр қамалдары Германияның Бонн шаһарында өткен бүкіл әлемдік мұралар комитетінің сессиясы кезінде ЮНЕСКО-ның тізімен енді. Айта кетейік, Ефес – осы елдің батысында орын тепкен Измир  провинциясына қарасты көне қала, біздің дәуірімізге дейінгі 10-шы ғасырда салынған. Ал Диярбакыр қамалының қай уақытта тұрғызылғаны жөнінде мәлімет жоқ, десе де аталмыш қамал да көне қамал болып табылады. Ондағы шамамен 8 000 жыл толған бақ әлі күнге дейін ел игілігіне пайдаланылып келеді. «Бұл біздің үлкен жетістігіміз, жеңісіміз», - деп жазыпты осы оқиғаға орай  Twitter әлеуметтік желісінде Түркияның мәдениет және туризм министрі Өмер Челик. Биыл түріктер Ыстамбұл шаһарындағы ЮНЕСКО тізіміне алғашқы болып енген тарихи нысанның осынау бүкіл әлемдік ұйымның мұралар тізіміне енгізілгеніне 30 жыл толуын атап өтеді. ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енген бұл елдегі тарихи нысандардың саны 15-ке жетті. 

0 пікір
Мұрағат