Бөгет тұрғызу үшін 550 жылдық ескерткішті түп қопара көшірді (видео)
Бөгет тұрғызу үшін 550 жылдық ескерткішті түп қопара көшірді (видео)
7 жыл бұрын 3615 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ескерткіштерге ұқыптылықты түріктерден үйренейік. Құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауда түріктердің мына ісіне еріксіз риза боласыз: Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Батман провинциясында бөгет құрылысы қолға алынайын деп жатыр. Су шайып кету қаупі бар болғандықтан түріктер 550 жылдық тарихы бар Зейнел бей (Ак Коюнлы түркімен ұлысы сұлтанының ұлыҰзын Ғасанның) зиратын көшірді. Кесенені екі шақырымға жылжытты. Оны жылжытудың жолын ойластыру үшін екі жыл кеткен. Елуден сарапшы қатысқан. Бұл арада бөгет тұрғызудан бұрын кесенені жылжыту жұмысы көп маңызға ие болған. 

 

0 пікір
Мұрағат