Биыл Меккеге 1,5 млн қажы келеді
Биыл Меккеге 1,5 млн қажы келеді
8 жыл бұрын 2614 ummet.kz

Сауд Арабиясы билігі биыл Мекке қаласына қажылық жасауға 1,5 миллионнан аса мұсылман келеді деп жоспарлайды. Айта кетсек, алғашқы қажылар легі өткен аптада Үндістаннан жеткен болатын. Мекке әкімшілігі осы уақытта қала және қасиетті орындар тазалығына 23 000-нан аса жұмысшы жұмылдырылғанын хабарлады. Ақпарат құралдарының мәліметінше, алғашқы қажылар Мәдина қаласындағы Мұхаммед ханзада халықаралық әуежайына келіп түскен. Қажылақ ұшағы Нью-Делиден жетті. Мұнан соң Пәкістан мен Бангладеш елдерінен мұсылмандар келді. Араб емес елдердің ішінде алғашқы болып Оңтүстік Африка республикасынан 6 тамыз күні Жиддаға келді. Сонымен қатар, Меккеге Палестинадан 1 000-ға жуық мұсылман келмек. Биыл қажылық маусымы 75 күнге созылады.

0 пікір
Мұрағат