Араб тілі əлемдік сұранысқа ие болмақ
Араб тілі əлемдік сұранысқа ие болмақ
9 жыл бұрын 3709

Ұлыбритания интституты хабарлағандай, араб тілі бүгінде испан тілінен кейін ең көп сұранысқа ие тілдердің қатарынан табылып отыр.

Жуырда Риад қаласында орналасқан Абдалла есіміне берілген халықаралық араб тілін оқыту курсының директоры хабарлағандай, араб тілі әлемдік тілдердің ішінде 4 орында тұр.

Бүгінде әлемде 300 мың халық араб тілінде сөйлейді. Осыған байланысты Ұлыбританияда араб тіліне деген сұраныс артып, алдағы уақытта мектептерде араб тілі пәнін енгізу көзделуде.  Осылайша, араб елдерімен экспорт-импорт байланысын  біршама дамытып, елдің экономикасын ұлғайтуға ықпал жасалынбақ, деп хабарлайды Ұлыбритания тілдерді зерттеу кеңесі.

Атап кетсек, Ұлыбританияда Брэдфордта орналасқан Хортон Парк бастауыш мектебінде араб тілі пәні енгізілген. 

0 пікір
Мұрағат