Араб әлемінің адамзат құндылықтарына қосқан үлесі (фото+видео)
Араб әлемінің адамзат құндылықтарына қосқан үлесі (фото+видео)
3 жыл бұрын 4381 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Арабтардың жеңсік асы саналатын кускусты төрт ел өзінің төл мәдениетінің ажырағысыз бөлігі ретінде қарастырады. Африка құрлығының солтүстігінде орын тепкен Алжир, Мавритания,Марокко және Тунис халқы үшін кускустың орны бөлек, аталған елдер кускустың отаны саналады. Бұл жайында islam.kz порталы Middle East Eye ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылдың срңына таман кускус ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасына енді. Осылайша кускус күллі әлемге танылды. Кускусты өндірумен және тұтынумен байланысты өзіндік өзгешелігі бар технология мен тәжірибе кейінгі кезде кеңінен тарай бастады. Кускус тұрмыстық тұтыну деңгейінен мәдени танымдық деңгейге көтеріліп, араб әлемінің тағы бір қырын жаһанға жария етті. Кускус жеміспен, етпен немесе балықпен бірге тартылады. Бұл ас түрі жоғарыда аталған елдердің басын қосып қоймай, сонымен бірге, араб әлемінің рухани тамыры бір екенін тағы бір мәрте әйгілеп берді. Бұл ынтымақтастыққа жету оңай болған жоқ: 2016 жылы Алжир жеке-дара ЮНЕСКО-ға өтініш берді – Алжирді кускустың отаны деп тануға жол ашатын мәдени мұралар тізіміне енгізуді сұрап, алайда, алжирліктердің бұл әрекеті мароккалықтардың наразылығын тудырған еді. Осылайша Алжир, Мавритания, Марокко және Тунис ата-бабасынан қалған асты әлемге таныту үшін өзара келісімге келіп, ЮНЕСКО-ға бірігіп өтініш берді. Археологиялық мәліметтерге сәйкес Африканың солтүстігінен табылған асүй дақылы Х ғасырға тиесілі болып шықты. Ал XIII ғасырға тиесілі солтүстік африкалықтардың ас мәзіріне арналған кітапта алғаш рет аталған ас туралы айтылған. XII ғасырдан кейін кускус тек аталған төрт елмен шектелмей, Мысыр, Либия, т.б. елдерге танылып таралды.

Le couscous à l'UNESCO ? Un enjeu géopolitique ! | Middle East EyeDar Nouzha A, Fès – Prețuri actualizate 2021

0 пікір
Мұрағат