Али Жұма: Күйеуінің СМС жазбасын оқу да - күнә
Али Жұма: Күйеуінің СМС жазбасын оқу да - күнә
9 жыл бұрын 4472

Мысырдың бұрынғы мүфтиі әрі шейх Әлі Жұманың айтуынша, асыл дінімізде тек бөгде әйелдің немесе ер адамның денесіне сұқтанып қарауға (көз зинасын айтып отыр – ред.) ғана тыйым салынбаған,  сонымен қатар, адамның басқа біреудің өзгелерден жасыратын құпиясына үңілуі де құпталмайды. «Ислам бөгде біреудің құпиясына қызығушылық танытуға тыйым салады. Адамдар тек Алламен ғана оңаша қалсын. Ер мен әйел бір-бірінің телефонынан тың тыңдап, тексеруге әуес болмауы керек»,- деп  мәлімдеді ол. Ол ерінің немесе әйелінің телефонын тексерудің арты жақсылыққа апармайтынын алға тартты. Дәлірегі, мұндай әрекеттер ерлі-зайыптылардың арасына от тастап, түбінде шаңырақтың шайқалуына апарып соқытыруы мүмкін екенін айтты. «Ол құпия еткенді Жаратқанның өзіне қалдырыңдар. Әйелім 42 жыл бойы мені бірде-бір рет аңдыған емес. Мен де оның оның қалта телефонына үңілген емеспін»,- деді ол артынша. Қадірменді шейх адамның жеке бас өмірін қастерлеу Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннеті екенін еске салып өтті сөз арасында. 

0 пікір
Мұрағат