Әлемдік деңгейде хафыздардың байқауы өтеді
Әлемдік деңгейде хафыздардың байқауы өтеді
9 жыл бұрын 2521

Мәскеу қаласындағы CROCUS CITY HALL ғимаратында үстіміздегі жылдың қазан айының 11-і күні хафыздардың халықаралық байқауі өтеді. Осымен он алтыншы рет өтетін аталмыш шараға әлемнің 30 елінен хафыздар қатысып, бақтарын сынайтын болады. Олар қасиетті Құранды жатқа оқудан жарысқа түседі.  Бұл айтулы шараға Ресей Мүфтилер кеңесі, РФ Сыртқы істер министрлігі, РФ Мәдениет министрлігі қолдау білдіретін болады. Осы шара аясында кіші қажылыққа жолдама ұтып алуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, қасиетті Құранның тарихы баяндалатын бағдарлама да қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат