Әлемдегі ең әдемі ғимаратты білесіз бе?
Әлемдегі ең әдемі ғимаратты білесіз бе?
8 жыл бұрын 3488 khabar.kz

Канн қаласында өткен халықаралық жылжымайтын мүлік көрмесінде әлемдегі ең әдемі нысандар таңдалды. Олардың арасында ең үздік жоба атанған Ұлыбританиядағы "Crossrail Place" ғимараты да бар.  Айта кетейік, жоба архитекторы Норман Фостер – Астанадағы «Бәйтерек», «Хан Шатыр» және «Бейбітшілік пен Келісім сарайы» жобаларының да авторы. Биыл көрмеде алғаш рет Денсаулық сақтау саласындағы ерекше нысан таңдалды.  Бұл аталым бойынша Ұлыбритания патшайымы Елизаветаның университет қабырғасындағы ауруханасы үздік деп танылды. Ал болашақта ең үздік архитекторлық нысан Бельгияда салынбақ. Льеж қаласының орталығында орын тебетін кешен вокзалмен бірге жалғасатын болады. Онда тұрғын үйлер мен ойын-сауық орталықтары да ашылады деп жоспарланған.

 

0 пікір
Мұрағат