АЙЯ-СОФИЯДА РАМАЗАН БОЙЫ ҚҰРАН ОҚЫЛАДЫ
АЙЯ-СОФИЯДА РАМАЗАН БОЙЫ ҚҰРАН ОҚЫЛАДЫ
8 жыл бұрын 2600 muslim.kz

Түркия астанасы Стамбул шаһарының сәніне айналған Айя-Софияда Рамазан айы Құран оқылатын болды. Бұл жайында бірнеше күн бұрын Түркия президенті Ердоған мәлім етті. Қасиетті айдың алғашқы күні басталған рәсімін "TRT" телеарнасы тікелей эфирден таратқан болатын.

Сондай-ақ, ғимарат ішінде Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмездің қатысуымен сәресі дастарханы да ұйымдастырылған. Дастархан басында Мехмет Гөрмез бұл шараның Мәдениет министрінің рұқсатымен өткенін атап өтті.

Бұл жағдай туралы елдің Сыртқы істер министрлігі Үкімет шешімін қолдамайтынын білдірген. Айта кетейік, Айя-София ғимараты қазіргі уақытта музей мәртебесінде.

0 пікір
Мұрағат