Ұшып бара жатып бүктелетін дрон (видео)
Ұшып бара жатып бүктелетін дрон (видео)
2 жыл бұрын 2188 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл квадрокоптер әуеде өзінің геометриясын (пішінін) өзгерте алады, осылайша кішірейіп, тар қуыстардан өте алатын мүмкіндікке ие. Бұл жайында islam.kz порталы futura-sciences.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық ғалымдар мұндай дронды осындай қабілетке ие құстар мен жәндіктерге қарап отырып құрастырды десе де болады. Жаңа квадрокоптерге әуеде өзінің геометриясын өзгерту үшін арнайы қозғалтқыш немесе күрделі электроника қажет емес – ол шарнир (топса) жүйесінің көмегімен тұтқа-тетіктердің бұрышын өзгерту арқылы пішінін өзгерте алады. Электроника мен арнайы тетіктердің болмауы өз кезегінде энергияны үнемдеуге, ал бұл жайт өз кезегінде ұзағырақ ұшуына мүмкіндік береді. Ғалымдар бұл шағын ұшу аппаратының прототипін Midair Reconfigurable Quadcopte деп атады.

Өзбектер өз беспилотниктерін құрастырып жатыр 

Өзбекстанда осы заманғы технология негізінде өздерінің отандық ұшқышсыз ұшатын аппараттарын құрастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Өзбекстан республикасының қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметіне жөн сілтеген centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш комитет жанынан беспилотниктің авиациялық кешенінің ғылыми-өндірістік орталығы құрылған болатын. Аталған орталықта халықаралық техникалық талаптар мен стандарттарға сай «Лошин» деп аталатын ұшқышсыз ұшу аппараттары құрастырылады. Екі түрлі мақсатқа арналған бұл жоба Орта Азияда алғаш рет Өзбекстанда қолға алынуда. Аталмыш орталық ұшқышсыз ұшатын аппараттардың авиациялық кешенін жинау, құрастыру, жөндеу, т.б. арналған құрастырушы агрегаттармен, инспекциялық (сынақ зертханасы) қондырғылармен, технологиялық және арнайы құралдармен жабдықталған. «Лошин» беспилотнигі ұшақ түрінде әрі квадрокопер түрінде құрастырылған. Олар бірнеше мақсатқа арналған: барлау, соққы беру, нақты уақыт аралығында бақылау, ақпарат жинау, процесті басқару, зеңбірекпен шабуылдау процесін басқару, сондай-ақ, картография, топогеодезия, егістік алқаптарын қадағалау, қорықтарға, әлеуметтік инфрақұрылым мен мұнай-газ, орман-тоғай, теміржол, геологиялық сектордағы өзге маңызды нысандарға мониторинг жүргізу.


0 пікір
Мұрағат