Түр-тұлғасы беймәлім адамның келбетін даусына немесе сөйлеген көзіне қарап нақты қалпына келтіретін модел жасалды
Түр-тұлғасы беймәлім адамның келбетін даусына немесе сөйлеген көзіне қарап нақты қалпына келтіретін модел жасалды
2 жыл бұрын 1924 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістандағы TCS Research программашылары сөйлеп тұрған адамның дауысына қарап нақты кескін-келбетін анықтайтын жаңа модел жасай алды. Бұл жайында islam.kz порталы ecva.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жыл өткен сайын адамның әжімі мен жануардың әр қылшығына дейін анық та қанық ететін компьютерлік анимация саласы жетілдіріліп келеді. Десе де бұл сала мұнымен ғана шектеліп қалмай, аудиожазба мен видео элементтерін ұштастыру арқылы дамудың жаңа белесіне көтерілді. Тың әдісті виртуалды аваторды, цифрлы көмекшіні немесе анимациялық фильмді жасауда пайдалануға болады. Бұл технологияның негізінде нақты тұлға болуы тиіс – оның ерін қимылы, сөйлеу мәнері (ырғағы), кірпік қағысы, басын шайқауы, т.б. мимикалық әрекеттері ескеріледі. Мұндай технология бұрыннан бар, мәселен, GAN технологиясы, алайда, олардың кемістігі – сөйлеген адам қимылдамауы тиіс. Сонда ғана шындыққа ақын бейнесі пайда болатын. Дегенмен бұл тәсілдің де GAN технологиясына негізделгенін айта кетпеске болмайды.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат