Саусақ ізін жанаспай-ақ сканерлейтін технология пайда болды
Саусақ ізін жанаспай-ақ сканерлейтін технология пайда болды
3 жыл бұрын 1680 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

TECH5 компаниясы смартфон көмігемен саусақ ізін жанаспай сканерлейтін жасанды зерде технологиясын әзірледі Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. T5-AirSnap Finger деп аталатын аталмыш технология смартфон камерасын пайдалануды ұйғарады, содан кейін саусақ ізінің бейнесін өңдеп, тексеруге немесе тіркеуге жөнелтеді. Бұл тараптағы барлық процесс бірнеше секундқа созылады. Жаңа технология нақты адамнан нақты уақыт режимінде мәлім алуға негізделген. Сканерленген саусақ ізінің бейнесін саусақ ізінің иесіне қаншалықты сәйкес келетіні анықталатын автоматты жүйеде пайдалануға болады. T5-AirSnap Finger электронды тіркеуде, банктік верификацияда, жеке басты куәландыруға арналған бағдарламаларды, т.б. қолдануға болады. T5-AirSnap Finger мобилді технологияда, сондай-ақ, биометриялық деректерді жинау және оны мобилді құрылғыларда тексеру арқылы цифрлық сәйкестендіру платформасының бөлігі ретінде пайдалануға болады. Ол жұмыс істеуі үшін арнайы құрылғыны қажет етпейді, смаптфоныңызға тиісті қосымшаны орнатып алсаңыз жеткілікті.

0 пікір
Мұрағат