Қалыңдығы екі атомдай ғана болатын ақпарат сақтайтын технология жасалды
Қалыңдығы екі атомдай ғана болатын ақпарат сақтайтын технология жасалды
3 жыл бұрын 1528 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тел-Авив университетінің ғалымдары әлемде тек атомнан тұратынғ ақпаратты сақтайтын ең кішкентай технологияны жасады. Бұл жайында islam.kz порталы science.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылғы шамамен бір миллион атомды (жоғары жағында, ұзындығында және қалыңдығында 100 атомнан) қамтитын тұратын титтей кристалдардан тұрады. Яғни, мұндай құрылғылардың миллионын бір тиынға сыйғызуға болады, әр құрылғы секундына шамамен миллион есе жылдамдықпен іске қосыла алады. Осылайша израилдік ғалымдар көлемі бар-жоғы екі атомнан ғана тұратын ақпарат жинаушыны жасады. Дәлірегі, әрбіреуі бір атомдық қалыңдығы бар екі қабаттан тұратын ерекше «пленка». Бір қабатында бордың атомы болса, екіншісінде - азот атомы. Аса жіңішке пленка электрлі ақпаратты сақтайды. Израилдік ғалымдардың бұл технологиясы өз кезегінде электрлі құрылғылардың жұмысын бірнеше параметр бойынша жақсарта алады, атап айтқанда, жылдамдығы, тығыздығы және энергия тұтыну деңгейінің төмендігі бойынша артықшылықтарға ие. Бұл технологияны тек информатикада ғана емес, сонымен қатар, көптеген салаларда қолдануға болады.

Ұқсас материалдар:

«Адам қанша ақпаратты «сыйдыра» алады?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-qansha-aqparatty-syidyra-alady-video-15251/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnq-da-saqtau-tasili-paida-boldy-15087/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты ДНК-де тиімді сақтаудың әдісі табылды" - https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnk-de-tiimdi-saqtaudyn-adisi-tabyldy-13868/#gsc.tab=0);

«Генетикалық ақпаратты сақтайтын, ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын жалғыз қайнар – ДНК емес...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/genetikalyq-aqparatty-saqtaityn-urpaqtan-urpaqqa-tabystaityn-jalgyz-qainar-dnk-emes-12681/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат