Өзі құрастырған шаштаразшы роботқа шашын қидыруға мәжбүр болды (фото+видео)
Өзі құрастырған шаштаразшы роботқа шашын қидыруға мәжбүр болды (фото+видео)
4 жыл бұрын 2360 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Танымал ютубер әрі инженер,   Stuff Made Here арнасының авторы Шейн Уайтон жер-көкті жайлап, жолындағын жайпап бара жатқан жұқпалы індеттен сақтанып, шаштаразшы робот құрастырды әрі оның алғашқы клиенті болды. Яғни, өзі құрастырған робот шаштаразшыға басын қатерге тігіп шашын қысқартты. Бір жағы тәжірибе ретінде болғандықтан ол қайшысын жалаңдатқан робот шаштаразшыға шашын қысқартқаны қылыштың астына басын төсегенмен бірдей қатерлі қадам болды. Қобалжыса да тәуекелге белін байлады. Оны ютубердің өзі де жасырмайды. Инженердің мұндай қадамға баруына карантин себеп болса, бір жағынан, екіншіден, тәжді тажал вирусын жұқтырып алу қатері түрткі болды. Мәселен, АҚШ-тағы Спрингфилд елді-мекеніндегі шаштаразшы симптомсыз дертке шалдыққанын білмеген. Алайда, індетті жұқтырған кезінде 139 клиентке қызмет көрсетіп үлгерген. Оның үстіне, карантинде шаштараздар жабық болғандықтан шашы өсіп кетті. Ол құрастырған робот бірнеше көру камерасымен жабдықталған. Яғни, клиентінің басын үш өлшемде көруге мүмкіндік береді. Осыған қарап шаштың қай тұсын және қаншалықты қысқарту керектігін шешеді.

Стрижечный механизм

0 пікір
Мұрағат