Өздігінен тазаратын мата жасалды: улы заттар мен микробтар жойылады
Өздігінен тазаратын мата жасалды: улы заттар мен микробтар жойылады
2 жыл бұрын 2578 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мәскеу мемлекеттік университеті мен МИСиС ғылым және технология жоғарғы оқу орнының ғалымдары химиялық және биологиялық қорғанысқа арналған мата әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл өзгеше мата өзіне тап болған улы заттар мен микробтарды залалсыздандырады, дәлірегі, толық жояды. Матадан ауыл шаруашылық жұмысшыларына, медицина қызметкерлеріне, қауіпті өндіріс мамандарына арнайы киім тігуге болады. Мата өзіне тап болған ферменттер мен антибиотиктерден және металл нанобөлшектерінен тазартады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан профессор Елена Ефременко организмге қауіпті заттардың енуіне бөгет жасап қоймай, сонымен қатар, оны жоятын матаны жасауды алдарына мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді. Ең алдымен, материалдың құрамына бірқатар токсиндерді, яғни, улы заттарды гидролиздейтін және сол арқылы залалсыздандыратын ферменттер енгізілген. Содан кейін компьютерлік моделді пайдалана отырып, ғалымдар ферменттермен жақсы үйлесетін биологиялық ыдырайтын антибиотикті таңдады. Осыдан кейін химиктер тантал нанобөлшектерін қосты. Олар, тіпті, төзімді бактерияларды жоя алады және адамдарға зиянсыз.

0 пікір
Мұрағат