Өлген адамның көзіндегі жасушаларды тірілтті
Өлген адамның көзіндегі жасушаларды тірілтті
2 жыл бұрын 1134 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Юта университетінің көз орталығының ғалымдары қайтыс болған донордың тор қабығындағы жарыққа сезімтал нейрондық жасушаларды жандандырып, олардың арасындағы байланысты қалпына келтірді. Бұл жаңалық жасқа байланысты макулярлы дегенерацияны емдеудің жаңа әдістерін жасауға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамдар жарықты ақпаратты электр сигналы түрінде беретін арнайы нейрондар – фоторецепторлар арқылы көреді. Америкалық ғалымдар олардың қалай өлетінін зерделей келе оларды тірілтудің жолы тапты. Тірілген жасушаларды оттегімен қаныққтырған – олардың арасындағы байланысты қалпына келтіру үшін. Осыдан кейін ғалымдар көз торын стимулдап, оның жасушаларының электрлік белсенділігін өлшейтін құрылғыны жасаған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Фатима Аббастың айтуынша, ғалымдар бұл тарапта көз торының бөлігі болып табылатын, орталықтан көру қабілетіне, сондай-ақ, ұсақ бөлшектер мен түстерді көру қабілетіне жауап беретін макуладағы фоторецепторлық жасушаларды оята алған. Донор қайтыс болғаннан кейін бес сағаттан кейін алынған көздерде бұл жасушалар жарқын жарықтарға, түрлі-түсті шамдарға және тіпті өте күңгірт жарқылдарға да реакция танытқан.

0 пікір
Мұрағат