Метанды залалсыздандыратын тұмылдырық жасалды. Бір сиыр бір күнде қанша метан бөледі
Метанды залалсыздандыратын тұмылдырық жасалды. Бір сиыр бір күнде қанша метан бөледі
2 жыл бұрын 2046 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Британ студенттері сиыр кекірген кезде атмлсфераға бөлінетін метан газын залалсыздандыратын арнайы тұмылдырық жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Sky News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құрылғының арқасында қоршаған орта үшін аса қауіпті парникті газ көміртек диоксиді мен су буына айналады. Әлем бойынша бүгінгі таңда 1,5 млрд ірі қара бар. Олардың әрбіреуі күн сайын атмосфераға 400-500 литр метан бөледі. Парникті газ сиырдың ас қорыту процесінен пайда болады. Міне, осындай себеппен мал шаруашылығы қоршаған ортаны метанмен ластаудың негізгі көздердің біріне айналып отыр. Мәселен, бар ғана АҚШ атмосфераны метанмен ластаудағы үлесі жалпы мөлшеріне шаққанда 10%-ға жеткен. Метан атмосферада жаһандық жылынуға себеп болып отырған тағы бір фактор – көмірқышқыл газына қарағанда аз уақыт болады, алайда, көмірқышқыл газына қарағанда жылуды ұстауда 30 есе тиімділік танытады.

Ұқсас материалдар:

«Ірі қарадан атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін азайтатын тағы бір тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-atmosferaga-bolinetin-metan-molsherin-azaitatyn-tagy-bir-tasil-tabyldy-16389/#gsc.tab=0);

«Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/iri-qara-jemi-ushin-metannyn-bolinuin-azaitatyn-qospa-jasaldy-15253/#gsc.tab=0);

«Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-bolinetin-ziyandy-qaldyqtardy-azaitudyn-tasili-tabyldy-16209/#gsc.tab=0);

«Сиыр етінің жарнамасына тыйым салынуы тиіс»... (https://islam.kz/kk/news/alem/siyr-etinin-jarnamasyna-tyiym-salynuy-tiis-16368/#gsc.tab=0); 

«Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-jerdin-30-y-jaiylym-ushin-paidalanylady-barlyq-mal-basy-joiylsa-atmosferadagy-so2-y-68-ga-azayady-16362/#gsc.tab=0);

 «Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...» (https://islam.kz/kk/news/alem/siyrdyn-japa-tastagany-qadagalanady-13854/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат