Мамандар күніне 2 келі қарбыз жеуге кеңес береді
Мамандар күніне 2 келі қарбыз жеуге кеңес береді
9 жыл бұрын 15829

Қарбыздың сөлі – несеп және өт айдауда аса пайдалы. Оның етінде фруктоза, азотты заттар, жасұнық, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар. Қарбызды буынның ұстамалы және қабыну ауруларын, жүрек-қан тамырларын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, гастрит ауыруын да емдеп шығуға болады. Пісіп-толған қарбыздың құрамында 2,5-12% қант, ал дәнінде 25-30 % май болады.

 Адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм­ қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ, қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы.

Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші бола алады.

Бұл жеміс - арықтағысы келіп жүрген жандарға таптырмас құрал. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Оны жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, тәбетті төмендету үшін де пайдаланылады. Тіпті оның жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайды. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады.

Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек ауруларына байланысты пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады.

Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, сүт қосып ішсе, ағзаны паразиттерден тазартады. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ. Ол ішті кептіріп жібереуі мүмкін. Сондай-ақ, қант диабетімен ауыратындарға да қарбызды аз мөлшерде жеу керек. Жүкті әйелдерге соңғы үш айында қарбыздан бас тартқан жөн.

0 пікір
Мұрағат