Күйзеліске түсу аллергияға шалдықтырады
|
Ғалымдардың зерттеулері күйзеліс пен тері проблемаларының арасында тығыз байланыс бар екенін көрсетті.
Жаңа зерттеуді Темпл университетінің мамандары өткізді. Олар 5000 студентті сұрауға қатысуға шақырды. Еріктілер күйзеліс пен терінің жағдайы туралы сұрақтарға жауап берген.
Нәтижесінде ғалымдар 422 студенттің мәліметтерін талдап шықты. Қатысушыларды үш топқа (күйзелістің төмен, бірқалыпты және жоғары деңгейлері) бөлді. Зерттеушілер күйзелістің жоғары деңгейі болған еріктілер тері қышымасына, алопеция (шаштың түсуі), бас терісіндегі дақтар, гипергидроз (қатты терлеу), қайызғақ, қолдағы қышыма бөртпеге, сондай-ақ тырнақты кеміргеніне және трихотилломанияға (өз шашын жұлу) шалдыққанына шағымданған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ