Кемсітушіліктің кез келген түрі психикалық ауытқу тудырады
Кемсітушіліктің кез келген түрі психикалық ауытқу тудырады
3 жыл бұрын 2200 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Нәсілдік, діни сенімі, жынысы, түр-тұлғасы, жасы, т.б. бойынша ұдайы кемсітушілікке ұшыраған адамның психикалық ауытқуға ұшырау қатері 25%-ға артады әрі дистресске ұшырау қаупі екі есеге артады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Лос-анджелес қаласындағы Калифорния университеті жанындағы Дебид Геффен медицина мектебінің ғалымдарының тұжырымына жөн сілтеген CNN ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда дистресс терминіне аз-кем тоқтала кетпекпіз: қайғыру түрі – адам стреске итермелеген факторға лайықты жауап қата алмайды, нәтижесінде мінезінде жағымсыз өзгерістер болады. Америкалық ғалымдар бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқан 1834 адамды табаны күректей он жыл бақылап осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл тараптағы зерттеу басталған кезде тәжірибеге қатысушылардың жасы 18-де болатын. Осы он жыл ішінде тәжірибеге қатысқандардың 93% кемсіту фактілеріне тап болған. Олар алғашқы орында жасына қарай кемсітушілікке ұшырағандар тұр, екінші орында – түр-тұлғасы бойынша кемсітушілікке ұшыраған, ал үшінші орында – жынысына қарай, төртінші орында – нәсіліне қарай кемсітушілікке ұшыраған. Аталмыш тәжірибеге қатысқандардың 75%-да психикалық ауытқу белгілері байқалған.

0 пікір
Мұрағат