Жүрек өз-өзін емдейтін болады
Жүрек өз-өзін емдейтін болады
5 жыл бұрын 4014 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ратгер университеті ғалымдарының бір тобы жүрек дертінің шипасын іздеуде айтарлықтай жетістікке жетті. Яғни, ота жасату, бөгде ағзаны қондыру немесе жасанды тыныс алдыратын құрылғы орнату, т.б. секілді науқасқа да, дәрігерге де күрделі әрі қиын емдеу шаралары болашақта қайталанбауы мүмкін. Олай дейтініміз, бұл жаңа үлгі бойынша жүрек өзін өзі емдейтін болады. Қалай? "Жасушалы және дамушы биологиядағы көкжиек" деп аталатын мерзімді басылымда таяуда жарияланған зерттеу мақалада айтылғандай, бұл тәсіл адам жүрегінен жалғаушы тіннен жасушаны алып тастап, оны жүректің стволдық жасушасына "кіріктіру", содан соң оны жүрек бұлшық етіне "кіріктіру" арқылы жүзеге асырылады. Қайта жасалған жасуша біртұтас жасуша секілді қызмет еткен. Ғалымдар бұған қалай қол жеткізді? Олар жасушадағы ақуызды (CREG) әсіре белсендірген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, ота жасату, бөгде ағзаны қондыру немесе пациентті қан айдайтын сорғыға жалғау - бүгінгі таңда жүрек ауруларын осылай ғана емдейді. Донор жетіспейді, механикалық құрылғы науқастың ғұмырын қысқартады, т.б. қолайсыздықтар болашақта орын алмасы үшін ғалымдар науқасты тиімді емдеудің жолдарын жатпай-тұрмай қарастырып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат