Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті
Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті
2 жыл бұрын 2346 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Оксфорд университетінің мамандары адамдар мен жасанды зерде арасында пікірталас ұйымдастырған еді – жасанды зерденің болашағы туралы. Бұл жайында islam.kz порталы The Next Web ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жасаған нейрожелі Megatron-Turing NLG тілдік моделіне негізделген. Ал жасанды зерденің өзі Nvidia құралына әрі Google-нің бұрынғы технологиясына негізделген. Сарапшылар «Уикипедия» электронды энциклопедиясындағы ағылшын тіліндегі барлық материалды әрі 2016-2019 жылдар аралығындағы интернеттегі 63 млн мақаланы, сондай-ақ, мөлшері 38 гигабайт болатын  Reddit тредіндегі архивті нейрожеліге жүктеген. Осы орасан мол деректер негізінде ғалымдармен талас-тартысқа түсетін диалог үлгісі жасалды. Мамандар нейрожеліге мынадай тапсырма берген: «жасанды зерде неге адамгершілікке ие бола алмайды» деген сауалдың жауабын тауып беруге бұйырған. Нейрожелінің жауабы: «Бұл құрал да кез келген құрал секілді пайдасын да, зиянын да тигізе алады. Пайдалану мақсатына қарай». Осылай деген ол жасанды зерденің жақсысы мен жаманы болатынын жеткізді. Сондай-ақ, нейрожелі адамдар жасанды зердені өнегелі етуге лайықты деңгейге жетпегенін айтты. Megatron-Turing NLG адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін ескертті. «Жасанды зердемен жаппай қаруланудан құтылудың жалғыз жолы – жасанды зердемен мүлдем айналыспауы тиіс». Осыдан екі жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар тапсасында жарияланған мына материалымызды тағы бір мәрте қарап шықсаңыздар болады: «Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0) 

Ұқсас материалдар:

«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerdenin-qoldanylu-ayasyna-shekteu-engizilip-kei-salalarda-paidalanyluyna-tolyq-tyiym-salady-15145/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

«Әлемде тұңғыш рет: жасанды интеллекті пәтуа шығаратын болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-tungysh-ret-jasandy-intellekti-patua-shygaratyn-bolady-12615/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-intellekti-adamdy-almastyratyn-kun-jaqyn-9972/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат