Жарақатты тыртық қалдырмай емдеп жазудың жолы табылды
Жарақатты тыртық қалдырмай емдеп жазудың жолы табылды
2 жыл бұрын 1281 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сеченов атындағы университет пен Мәскеу электронды технологиялар институты терідегі және ішкі ағзалардағы тіліктерді тыртықсыз емдеудің әлемдегі алғашқы хирургиялық әдісін ойлап тапты. Операциядан кейін он күннен кейін тіндер бұзылмаған қалпында көрінеді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндағы бар құпияның түп-төркіні арнайы био-органикалық композицияда (дәнекер) жатыр - ол лазермен дәнекерлеуден бұрын жара аймағына қолданылады. Дәнекер альбуминнен, қан тасымалдау ақуызынан, сондай-ақ, жасыл индоцианинен және бір қабырғалы көміртекті нанотүтікшелердің оптикалық сіңіргішінен тұрады. Лазерлік құрылғы смарт температуралық кері байланыс жүйесімен жабдықталған. Ол сәулеленудің қарқындылығын бақылайды - биологиялық тіндер 0,5 ° C дәлдікпен қызады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Александр Герасименконың айтуынша, дәнекерлеудің құрамдас бөліктері лазер сәулесін мүмкіндігінше сіңіріп, оны жара аймағында шоғырландыратын етіп таңдалады. Сәулеленудің әсерінен сұйық дәнекерлеу кесіндінің шеттерін мықтап біріктіретін қатты кеуекті биокомпозитке айналады. Емдеу процесінде композиция тіндердің өз құрылымында өсуіне ықпал етеді, содан кейін ериді және организмнен шығады. Операциядан кейін қолданылатын лазерлік тігістер көлмемі тігілетін жіп көлеміне қарағанда үш-төрт есе кіші болып келеді. Он күннен кейін бұрынғы кесу аймағындағы тін терінің қалған бөлігінен дерлік ерекшеленбейді, яғни, тігілген жарақат орны білінбейді. Жаңа әдіс тек тіліктерді емдеп қана қоймайды, сонымен қатар қабынуды азайтады және дәнекер тінінің өсуін тездетеді. Қазір технология сынақтан өтуде, оның көмегімен жақ-бет хирургтары шырышты қабықтарды, ал ортопедтер - буын шеміршегін қалпына келтірді. Қан тамырларына жасалған тәжірибелер де сәтті аяқталды.

0 пікір
Мұрағат