Ішек диагностикасы үшін механикалық қырықаяқ жасалды (видео)
Ішек диагностикасы үшін механикалық қырықаяқ жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1851 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам ішегін тексеріп көруге арналған роботты төмендегі видеодан тамашалай аласыздар. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германиядағы Макс Планк интеллектуалды жүйелер институтының ғалымдары көлемі 3,7 мм-ен аспайтын «қырықаяқ»роботты құрастырған екен. Робот тек ішек диагностикасы үшін ғана емес, сонымен қатар, организмнің қажетті жеріне дәріні жеткізуге де арналған. Бұл роботтың ең басты артықшылығы – өзінен үш есе үлкен жүкті алып жүре алатындығында. Робот ферромагниттік серпімді табақ корпусына негізделген. Сондай-ақ, гидрогелді ұштары бар цилиндрлік сақина тәрізді төсемдерден тұрады.

0 пікір
Мұрағат