Ірі қарадан атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін азайтатын тағы бір тәсіл табылды
Ірі қарадан атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін азайтатын тағы бір тәсіл табылды
2 жыл бұрын 1558 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швецияда ірі қарадан атмосфераға бөлінетін зиянды газды кемітуге мүмкіндік беретін тәсіл қолданыла бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg. Іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы қоршаған ортаны қорғауға арналған Volta Greentech стартапы экологияға залалы жоқ мал жемін қамтамасыз ету үшін балдыр өндіретін фабрика салуды көздеп отыр. Volta Greentech зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жем арқылы ірі қарадан экологияға келетін зиянды мейлінше азайтуға болады. Аталған өсімдіті мал жеміне қосса, сиыр жапасынан бөлінетін метан мөлшерін аттай 80 пайызға дейін азайтуға болады. Мал жеміне арналға балдыр тек жаңғыртпалы энергия көздерімен өсіріледі. Фабрика жылына шамамен 50 тонна балдыр өндіретін болады – бұл үш мыңнан бес мың басқа дейін жемдеуге жетеді. 2022 жылы стартаптың негізін қалағандар инвестор іздеуге кіріседі – мануфактура құрылысына және өндірістің жүзеге асуына қаржы көздерін қарастырады. Volta Greentech жемі биологиялық белсенді қосындылары мол Asparagopsis Taxiformis қызыл балдырына негізделген. Ол метан бөлетін бактерия ферменттерін бұғаттап, аталмыш зиянды газдың пайда болуының алдын алады. Аталмыш компания құрылтайшыларының бірі Фредрик Акерманның келтірген дерегіне қарағанда, әлемдегі 1,5 млрд-тан асатын ірі қараның атмосфераға бөлінетін барлық газдың бес пайызын бөледі. Volta Greentech есебінше, бұл көрсеткіш ұшақтардан келетін зяинға қарағанда екі есе көп. Сөз орайы келгенде айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында америкалық ғалымдар метанның атмосфераға бөлінуіне қарсы күрестегі тиімді тәсілдірдің бірін атаған болатын – мысық әжеті. Мысықтың әжеті метанды көмірқышқыл газына айналдыра алатын болып шықты. Әлбетте, көмірқышқыл газы да қоршаған ортаға қауіпті ластаушы зат, алайда, оның залалы метанға қарағанда 80 есе аз болып келеді. 

Ұқсас материалдар: 

«Сиыр етінің жарнамасына тыйым салынуы тиіс»... (https://islam.kz/kk/news/alem/siyr-etinin-jarnamasyna-tyiym-salynuy-tiis-16368/#gsc.tab=0); 

«Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-jerdin-30-y-jaiylym-ushin-paidalanylady-barlyq-mal-basy-joiylsa-atmosferadagy-so2-y-68-ga-azayady-16362/#gsc.tab=0);

«Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-bolinetin-ziyandy-qaldyqtardy-azaitudyn-tasili-tabyldy-16209/#gsc.tab=0);

«Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...» (https://islam.kz/kk/news/alem/siyrdyn-japa-tastagany-qadagalanady-13854/#gsc.tab=0);

«Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/iri-qara-jemi-ushin-metannyn-bolinuin-azaitatyn-qospa-jasaldy-15253/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат