Интернеттің көмегімен: Дәрігер 35 км қашықтықта отырып науқастың жүрегіне ота жасады (видео)
Интернеттің көмегімен: Дәрігер 35 км қашықтықта отырып науқастың жүрегіне ота жасады (видео)
5 жыл бұрын 1768

Үндістандық хирург маман науқастан 35 км қашықтықта отырып ота жасады. Мұндай ота түрі адамзат тарихында алғаш рет жасалып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Науқастың жүрек тамырларына стент орнату – дәрігерлер командасы үшін өте күрделі жұмыс. Мұндайды жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алайда, мұндай отаны көптен бері үндістандық дәрігерлер бақылауға алып келе жатқан CorPath GRX робот хирург қолға алды. Ал оны 35 километр жерден дәрігер басқарып отырды. 

Маман роботты дұрыс басқаруы үшін жоғары жылдамдықтағы интернет қажет болды. Дәрігер өз кезегінде жағдайды ауруханаға бөлмесіне орнатылған бірнеше камера арқылы бақылап көрді. 

Оқыс жағдай болмауы үшін роботты дәрігерлер командасы бақылап тұрды. Алайда, бұл отада олардың көмегі қажет болмады. 

0 пікір
Мұрағат