Интеллектіні көтеретін ген мутациясы табылды
Интеллектіні көтеретін ген мутациясы табылды
2 жыл бұрын 1393 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Artem Podrez / Pexels

Лейпциг университетінің және Вюрцбург жоғарғы оқу орнының ғалымдары Drosophila melanogaster деп аталатын жеміске үйір шыбынға бірқатар тәжірибе жасай келе интеллектіні көтеретін гендер мутациясын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Brain мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бастапқыда сарапшылар шыбындардың спецификалық RIM протеинінің молекулалық жағынан адам ақуызына ұқсас екенін дәлелдеді. Содан кейін олар жәндіктердің геномын мутацияға ұшыратып, синапстардың (екі нейрон немесе нейрон мен эффекторлық жасуша арасындағы байланыс нүктесі) белсенділігін өлшеді. ДНҚ-дағы CORD7 генінің өзгеруі синапстар арасында импульстардың тиімдірек берілуіне ықпал етеді, бұл жайт ақыр соңында соқырлыққа аапарып сотырады және когнитивті қабілеттердің жоғарылауына әкеледі. Ғалымдар бұл жаңалықтың адамдарға да қолдануға келетінін алға тартып тыр, өйткені, аталған жәндіктің аурулармен байланысты геномының адамдікімен ұқсастығы 75 пайызды құрайды.

0 пікір
Мұрағат