Инженерлер «өлмес» робот-шыбын жасады (видео)
Инженерлер «өлмес» робот-шыбын жасады (видео)
4 жыл бұрын 2531 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Франциялық және швейцариялық ғалымдар жасанды бұлшық еті бар, секундына 3 сантиметр жылдамдықпен қозғалатын, жұмсақ, роботталған жәндік жасап шығарды. Аталмыш құрылғы бірнеше рет шыбынұрғышпен ұрса да жұмыс істеу қабілетінен айырылмаған. Бұл айында 24gadget.ru ақпарат көзі хабарлады. Ол ол ма, бәтіңкемен еденге жаншыса да жұмыс істеуін тоқтатпаған. DEAnsect деген атауға ие болған осынау роботтың екі нұсқасын жасады. Біреуі ультражіңішке сым арқылы ғалымдармен «байланыса» алады, оның салмағы 190 миллиграмм. Ал екіншісі дербес құрылғы ретінде әрекет етеді, салмағы 780 миллиграмм тартады. Дербес шыбын роботтың қимыл-қозғалысы екі фотодиодаммен қадағаланады. Аккумулятор құрылғының «жотасында» орналасқан. DEAnsect роботы диэлектрлі, эластомерлі орындаушы тетікпен (DEA) – дірілдің көмегімен оның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін өте жіңішке түкті, жасанды бұлшық етпен жабдықталған. Қимыл-қозғалысын секундына 400-ден асатын жиіліктегі кернеуді беру әрі ажырату арқылы тудырады. Ғалымдардың айтқанына сенсек, сым арқылы жұмыс істейтін жасанды жәндік өзінің салмағанынан бес есе ауыр жүкті алып жүре алады. Алайда, бұл роботтың қандай мақсатта қолданатыны айтылмапты.

0 пікір
Мұрағат