Хромосоманың қалыптасуына ықпал ететін тетік анықталды (видео)
Хромосоманың қалыптасуына ықпал ететін тетік анықталды (видео)
2 жыл бұрын 2018 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғаалымдар жасушалар бөлінгенде хромосомаларды қалыптастыратын молекулалық тетіктің ішкі жұмысын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушаның бөлінуі кезінде ұзындығы төрт метрлік ДНҚ метрдің миллионнан бір бөлігі ғана болатын 46 кішкентай пакеттерге (хромосомаларға) оралады. Еуропалық молекулалық биология зертханасы мен Вюрцбург университетінің ғалымдары жасушаның бөлінуі кезінде қозғалтқыш ақуыздарының ДНҚ жіптерін жинақы хромосомаларға қалай жинайтынын көрсетті. Ғалымдар бұл тарапта хромосоманың қалыптасуы кезінде пайданылатын ақуыз кешенін – конденсинді зерттеп зерделеген екен. Ғалымдар ДНҚ ілмектерінің пайда болу процесінде жекелеген конденсин молекулаларын бақылауды қамтитын бірқатар тәжірибе жүргізді. Нәтижесі аталған кешеннің әртүрлі бөліктерінің күрделі «молекулалық машина» сияқты әрекет ететінін көрсетті. Бұл ақуыздың бір бөлігі ДНҚ-ны зәкір тәрізді тұрақты күйде ұстаса, екінші бөлігі ДНҚ-ны трактор сияқты алға жылжытады, осылайша кең ілмек жасайды. Осынау зерттеуге атсалысқандардың айтуынша, конденсин басқа қозғалтқыш ақуыздары сияқты жасушалық энергияны АТФ (АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант – рибоза болады. Азотты негізі – аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-да фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үшфосфат» аталған – Уикипедия электронды энциклопедиядан) түрінде жағу кезінде ДНҚ бойымен «қадамдар» жасайды. Дегенмен, бірдей мөлшердегі энергияны жаға отырып, бұл молекулалар басқа қозғалтқыш ақуыздарына қарағанда 500 есе көп қозғалады. Генетиктер криоэлектронды микроскопияны пайдалана отырып, хромосоманың түзілуінің күрделі тетігінің бұрын-соңды болмаған егжей-тегжейлі бейнесіне қол жеткізген. Ғалымдар конденсиннің 30 жылдан астам уақыт бұрын ашылғанын, алайда, оның әсер ету тетігінің әлі де анық емес екенін атап өтті. Конденсин - ең ежелгі ақуыз кешендерінің бірі. Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеу жасушалардың бөліну процесін жете түсінуге көмектесіп қоймай, сонымен қатар, өзге де қозғалтқыш ақуыздардың функциясын ұғуға септігін  тигізеді. Олардың айтуынша, мұндай ілмектер және олармен байланысты молекулалық машиналар әртүрлі геномдық процестерге қатысады, соның ішінде жасушалардың бөлінуі арасында гендердің қосылуы мен ажырайтынын бақылайды.

Ұқсас материалдар:

«Алғаш рет адам хромосомының салмағы өлшенді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/algash-ret-adam-hromosomynyn-salmagy-olshendi-15392/#gsc.tab=0);

«Ғұмырды ұзартудың (хромосомның ұшын стимуляциялау) тағы бір тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gumyrdy-uzartudyn-hromosomnyn-ushyn-stimulyatsiyalau-tagy-bir-tasili-tabyldy-14782/#gsc.tab=0);

«Вирус мутацисының қауіптілігі неде» (https://islam.kz/kk/news/gylym/virus-mutatsisynyn-qauiptiligi-nede-13558/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат