Ғалымдар адам үшін температура мен ылғалдылықтың қауіпсіз, максималды комбинациясын есептеді
Ғалымдар адам үшін температура мен ылғалдылықтың қауіпсіз, максималды комбинациясын есептеді
2 жыл бұрын 2458 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсилвания ғалымдары бұл бағыттағы тәжірибеге өз еркімен қатысқандарды климаттық камераға отырғызып, қоршаған орта температурасы мен ылғалдылық деңгейінің өсуіне қарай олардың физиологиялық көрсеткіштерінің қалай өзгеретінін тексеріп көрді. Бұл жайында islam.kz порталы The Conversation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәжірибе кезінде қатысушылар күнделікті қайталанатын (мәселен, ас әзірлеу, т.б.) секілді тірліктерімен айналысып көрді. Дене қызып кетпейтін температура мен ылғалдылықтың қауіпсіз үйлесімі - 100% кезінде 31 ° C немесе 60% -да 38 ° C. Мұндай деректердің, әсересе, көп шаршатпайтын тірлікпен айналысатын жас әрі дені сау ерлер мен әйелдер үшін маңызды екенін алға тартады ғалымдар. Дене қызып кетсе, жүрек қағысы жиілеп, организмнен тер бөлінеді. Содан соң жылу стресіне ұшырайды, дәлірегі, ыстық өтіп кетеді.

Температура мен ылғалдылық комбинациясы бейнеленген диаграмма. Дене үшін маңызды комбинациялар сары және қызыл аймақтардың түйіскен жерінде орналасқан. Деректер дене белсенділігі аз жастар үшін дұрыс болып табылады

0 пікір
Мұрағат