ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...
ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...
3 жыл бұрын 4498 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

ДНҚ-ның бәрімізге белгілі пішінін екі жіңішке жіптің спиралда бұралған түрінде елестетеміз, алайда, ДНҚ кейде сирек болса да төрт тізбекті спиралды түзуі мүмкін – ДНҚ-ның осынау біртүрлі құрылымнан қорқу керек – ол қатерлі ісікпен байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материталы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. G-квадруплекс ретінде белгілі ДНҚ-ның төрт тізбектілігі туралы ақпарат жұтаң. Таяуда ғалымдар осынау біртүрлі молекула құрылымын табудың әрі тірі жасушадағы әрекетін қадағалаудың әдісін тапқан болатын. Ғалымдар белгілі бір ақуыздардың G-квадруплекстің күйреуіне алып келетінін анықтады, бұл өз кезегінде болашақта төрт тізбекті ДНҚ-ның белсенділігін тойтаратын дәрі жасауға көмектесуі мүмкін. Лондон қаласындағы Империялық колледждің химия факультетінен аталмыш зерттеуге атсалысқан Бен Льюистың жазуынша, G-квадруплексының сау организм үшін де, бірқатар ауру үшін де өмірлік маңызы зор процестерде маңызды рөл ойнайтынын растайтын айғақтар көбейіп келе жатыр. Оның мәлімдеуінше, G-квадруплексы сау асушаларға қарағанда қатерлі ісік жайлаған жасушаларда жиі кездесетін көрінеді. Түрлі зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, төрт тізбекті ДНҚ қатерлі ісік жасушаларының тез бөлінуіне ықпал етеді – бұл өз кезегінде қатерлі ісіктің таралуына апарып соқтырады. B G-квадруплексы ДНҚ-ның екі тізбекті молекуласы бүктелгенде немесе ДНҚ-ның бірнеше тізбегі бір нуклеиндік қышқылға жиналғанда пайда болады. Ғалымдар осынау біртүрлі ДНҚ-ны жасушадан табу үшін G-квадруплекспен байланысқанда флуоресцентті жарықты аулайтын, DAOTA-M2 деп аталатын химиялық затты пайдаланған еді. Ғалымдар ДНҚ молеулаларының концентрациясына қарай өзгеріп отыратын жарықтың қаншалықты жарық шашатынын өлшеу үшін молекуланың қаншалықты ұзақ уақыт жарық шашатынын да қадалаған болатын. Бұл тәжірибе өз кезегінде түрлі молекулалардың төрт тізбекті ДНҚ-мен тірі жасушада өзара әрекетін көруге мүмкіндік берді. Молекула ДНҚ жібіне жармасқан кезде ол жарық шашқан DAOTA-M2-ні ығыстырады, нәтижесінде химиялық зат орнында қалғанымен жарық тез сөнеді. Ғалымдар бұл тәсілді қолдана отырып, төрт тізбекті ДНҚ-ның жібін бұрап, оның бұзылу процесіне жол ашатын, геликаз деп аталатын екі ақуызды анықтады. Ғалымдар бұл зерттеу барысында ДНҚ-мен байланысатын өзге молекулаларды да анықтаған болатын. Болашақта ғалымдар осы жаңалықтың негізінде науқасты патологиялық аурудан құтқаруға мүмкіндік беретін, жасушадағы көптеген процестерге әсер ететін дәрі-дәрмек жасайтын болады.

0 пікір
Мұрағат