Денеде еріп кететін сымсыз кардистимулятор жасалды
Денеде еріп кететін сымсыз кардистимулятор жасалды
2 жыл бұрын 997 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар NFC байланысының арқасында жұмыс істейтін сымсыз киілетін сенсорлары бар кардиостимуляторды жасады - ол смартфонмен контактісіз төлем жасау үшін қолданылады. Құрылғының қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін ол адам ағзасында өздігінен еріп кетеді. Бұл жайында islam.kz порталы EurekAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сенсорлар адамның физиологиялық параметрлерін талдайды: температура, қандағы оттегі деңгейі, бұлшықет тонусы, тыныс алу жиілігі, жүрек қызметі, т.б. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Игор Ефимов есімді ғалымның айтуынша, бұл денеде уақытқша болып жоғалатын кардиостимулятор жүрек қызметін ынталандыратын сыртқы генераторға тәуелді кәдуілгі баламасына қарағанда қауіпсіз, дәлірегі, сымын денеден шығару кезінде адам денсаулығына қатерін болдырмайды.

Деректерді планшетке жіберетін сымсыз сенсорлар және кардиостимуляторды басқару блогы. Оларды емдеуші дәрігер бақылай алады

Кардиостимулятордың еруі. Ол организмге қауіпсіз әрі адам организімін жатырқамайтын биоматериалдан жасалған

0 пікір
Мұрағат