Балық пен бақаны соймай-ақ ішін көруге, зерттеуге мүмкіндік беретін микроскоп жасалды
Балық пен бақаны соймай-ақ ішін көруге, зерттеуге мүмкіндік беретін микроскоп жасалды
4 жыл бұрын 3163 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вена жоғарғы оқу орны мен Вена медицина университеті ғалымдарының бұл құралы туралы Science Advances мерзімді басылымында айтылған.

Тұтас органды зерделеу аясында жекелеген жасушаларды немесе тіндер қызметін талдау биологияның дамуында маңызды рөл ойнайды.  Осы уақытқа дейін стандартты тәсіл қолданылып келген еді: үлкен тіндерді жіңішке қабаттарға бөліп, олардың әрбіреуін жеке зерделеуге әрі ақпараттарды үш қлшемді моделге біріктіруге тура келген еді. Бұл машақаты көп әрі нәтижесі мардымсыз процесс болатын. Мәселен, біздің жүйке жүйемізді құрайтын жасушалар бүкіл организмге таралған тармақтарға ие. Мұндай проекцияны ұсақ бөліктерден реконструкциялау, яғни, ұсақ бөліктерден тұтас күйінде көз алдыңа әкелу өте қиын. Бұл проблеманы шешу үшін ғалымдар жұмсақ әрі айтарлықтай мөлдір тіндерден тұратын жануарлардың іш құрлысына микроскоптың көмегімен «жарық» түсіретін жүйені ойлап тапты. DEEP-Clear деп аталатын аталмыш әдіс белгілі бір пигменттерді жою арқылы жануарлардың іші-тынысндағысын түгел көруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың түсіндіруінше, өңдеуге арналған түрлі химиялық тәсілдер комбинациясы синергетикалық эффектіге ие – бұл жедел пигменттерді арылтып, тіндерді тазартуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат