Балалық шағында ашқұрсақ жүргендер есейгенде қомағай болады
Балалық шағында ашқұрсақ жүргендер есейгенде қомағай болады
8 жыл бұрын 4152

АҚШ ғалымдарының зерттеуі нәтижесі көрсеткендей, балалық шағында ішер асқа жарымай, ашқұрсақ болып өскендердің есейгенде қомағай келеді. Ересек тартқанда тұрмысы оңалып, азықтан тапшылық көрмесе де қомағайлығынан арыла алмайды. Тәжірибеге барлығы әйел затынан 31 адам қатысқан. Олардың әрбіреуіне печенье, крендел салынған ыдыстар таратылған. Тәжірибеге қатысқандар шарт бойынша ыдыстағы тәттілерді тауысуы тиіс болатын. Осыдан кейін респонденттер балалық шағы туралы деректермен анкетаны толтырған. Анкетадағы сауалдар: «Менің отбасым қаржыдан қысылмайды», «Менің отбасымның  жағдайы өзге балалардың отбасына қарағанда әлдеқайда жақсы», «Айналамыздағы адамдар бізге қарағанда ауқатты». Осынау тәжірибені жүргізген Сар Хиллдің айтуынша, тұрмысы төмен отбасынан шыққандар ересек тартқанда шамасынан көбірек тұтынды. Бұл арада олардың қазіргі сәтте қанша табыс тапқаны маңызды емес екенін де алға тартты.

0 пікір
Мұрағат