Ауызсуды ауадан өндіретін генератор (видео)
Ауызсуды ауадан өндіретін генератор (видео)
3 жыл бұрын 1238 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік Watergen компаниясы аттай 10 жылға созылған ізденісі зая кетпей, атмосферадағ ішуге жарамды су алуға мүмкіндік беретін технологияны ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы us.watergen.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыдан екі жыл бұрын CES-2019 (тұтынушы, тұрмыстық электроника бұйымдарының көрмесінде) жұртшылық назарына ұсынылған AWG жүйесі автокөлік салонының орталық косолына кіріктірілген болатын. Watergen компаниясы енді Smart Mobility бастамасы аясында әзірленген мобилді құрылғының жаңа желісін ұсынып отыр. Бұл арада кәдімгі портативті генераторды еске түсіретін құрылғы турасында сөз болып отыр – ол электр энергиясының орнына қоршаған ортадан су өндіреді. Аталмыш құрылғы 12 ваттық автокөлік розеткесамен немесе стандартты 220 ваттық розеткамен жұмыс істейді. Құрылғы желдеткіштің көмегімен ауаны сорып, суды конденсат түрінде (тамшыға айналдыру) алатын жылу алмастырғыш сүзгі арқылы айдайды. Содан соң су түрлі сүзгіден өтеді, соның ішінде ультра сәуленің әсеріне де ұшырайды – толық тазалану үшін. Алынған су арнайы резервуарда сақталады. Күніне 20 литрге дейін өндіре алады аталған құрылғы. 2022 ылдың бас кезінен бастап саудаға шығарылады.

0 пікір
Мұрағат