Алжудан қорғайтын ген табылды
Алжудан қорғайтын ген табылды
3 жыл бұрын 1330 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар деменциядан (алжудан) қорғайтын ген тобын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Translational Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының (MIT) ғалымдары атап өткендей, бұл гендер адамның конгнитивтік қабілетін (жадысы мен назарын) қартайғанда сақтап қалуға көмектеседі – тек бір шартпен: адам ақыл-ой қуаты мен әлеуетін қажет ететін интеллектуалды жұмыспен айналысуы тиіс. Мамандардың айтуынша, ұдайы ізденіс үстінде жүретін, көп оқитын белсенді адамдар жасы ұлғайғанда алжуға ұшырамайды. Интеллектуалды жұмыс – ми жаттығуы. Бұл бағытта кеміргіштерге арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, ойынт түрлері көп ортадағы тышқандардан мұндай игілік қарастырылмаған кеміргіштерге қарағанда MEF2 генінің белсенділігімен байланысты нейрондардағы эпигенетикалық өзгерістер байқалған. Аталған ген жүйке жүйесінің дамуында маңызды рөл ойнайтын болып шықты. Бұл тарапта ғалымдар 900 адамның медициналық деректерін сараптаған екен. Нәтижесінде MEF2 экспрессиясының конгнитивтік тұрақтылықты қамтамасыз ететінін анықтаған. MEF2 факторымен реттелетін гендер конгнитвитік ақаулар мен ауытқуларға қарсы тұратын мидағы программаны іске қосады. Сөз орайы келгенде құрамында трансмайлар мен қаныққан майлар кездесеті тағам өнімдерінің алжуға ұрындыратынын ацта кетпекпіз. Кезінде британиялық Daily Express мерзімді басылымы хабарлағандай, мұндай майлар кондитерлік тәтті тағамдар мен фастфуд және қуырылған өнімдерде кездеседі.

Ұқсас материалдар: 

"2050 жылға дейін алжудан зардап шегетіндер қарасы 139 млн адамға жетпек" (https://islam.kz/kk/news/alem/2050-jylga-deiin-aljudan-zardap-shegetinder-qarasy-139-mln-adamga-jetpek-15701/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар намаз бен медитацияның миға әсерін салыстыра келе таңғажайып тұжырымға келді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-namaz-ben-meditatsiyanyn-miga-aserin-salystyra-kele-tangajaiyp-tujyrymga-keldi-15610/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0);

«Созылмалы аурудың алжуға ұрындыратыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sozylmaly-aurudyn-aljuga-uryndyratyny-belgili-boldy-15626/#gsc.tab=0);

«Алжу да жұқпалы дерт болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/alju-da-juqpaly-dert-bolyp-shyqty-13468/#gsc.tab=0);

«Жоғарғы қан қысымы алжу қатерін арттырады. Кез келген жаста» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jogargy-qan-qysymy-alju-qaterin-arttyrady-kez-kelgen-jasta-14558/#gsc.tab=0);

«Болашақта пайда болатын емі жоқ аурудың белгісі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bolashaqta-paida-bolatyn-emi-joq-aurudyn-belgisi-ataldy-14856/#gsc.tab=0);

«Альцгеймер ауруынан қорғайтын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-auruynan-qorgaityn-gen-tabyldy-15277/#gsc.tab=0);

«Қан қысымы мен сусамыр ми құрылымын өзгертеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qan-qysymy-men-susamyr-mi-qurylymyn-ozgertedi-14102/#gsc.tab=0);

"Деменция" (http://islam.kz/kk/news/alem/dementsiya-11669/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат