Алғаш рет нейроморфты чип жасалды
Алғаш рет нейроморфты чип жасалды
3 жыл бұрын 1590 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Кореялық ғалымдар миды имитациялайтын, соған қарамастан энегрияны әлдеқайда аз тұтынатын чип жасады. Оны көптеген осы заманғы технологиялық құрылғыларда қолдануға болады. Бұл жайында порталы islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Кореяның озық технология институтының (KAIST) ғалымдары миға еліктей отырып, бір транзисторлы нейрондар мен синапстарды біріктіру арқылы нейроморфтық құрал жасап шығарды. Аталмыш құрылғыда металл-оксид-жартылай өткізгіштің комплементарлық құрылымының стандартты кремнилік технологиясын қолданған болатын. Ол микросхеманың құнын төмендетіп, дайындау процедурасын оңайлатады. Осылайша корей ғалымдары жоғары масштабтағы нейроморфты құралға арналған бір транзистор негізінде нейрондар мен синапстар жасап шығарды. Сондай-ақ, бұл модел мәтін мен бейнені тани алады. Нейроморфты құрал жасанды зерде негізіндегі модел секілді жұмыс істейді, десе де адам миын имитациялай отырып, мейлінше аз энергияны тұтынады. Нейроморфты құрал жұмыс істеуі үшін белгілі бір сигналды интеграциялау барысында қуатты генерациялайтын нейрон мен адам миы секілді екі нейрон арасындағы байланысты жадыда сақтайтын синапс қажет. Алайда, цифрлы немесе осыған ұқсас схемада құрылған нейрондар мен синапстар айтарлықтай кеңістікті иемденетіндіктен оның да тиімділігінің шегі болады. Бұл проблеманы шеші үшін ғалымдар бір транзистордың көмегімен биологиялық нейрондар мен синапстар әрекетін имитациялай отырып, оларды 8-дюймдік пластинге біріктіре алды. Әзірленген нейроморфты транзистор жаппай шығарылатын жады мен логикаға арналған транзистор секілді құрылымға ие. Бұл ізденіс өз кезегінде аса күрделі цифрлы әрі осыған ұқсас схемаларға негізделген нейрондар мен синапстарды бір транзисторге алмастыра отырып, аппараттық қамтамасыз ету құнын едәуір төмендетті.

Ұқсас материалдар: 

"Пластиктен микрочип жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/plastikten-mikrochip-jasaldy-15530/#gsc.tab=0);

«Қытай микрочипінің әскери қуаты» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/qytai-mikrochipinin-askeri-quaty-13332/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы"» (http://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат