Әлемді микробтармен құтқарудың жолы табылды
Әлемді микробтармен құтқарудың жолы табылды
2 жыл бұрын 1979 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: David McNew / Getty Images

Фермерлер (шаруа қожалықтары) планетаны құтқарудың тың тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл мақсатта технологиялық компаниялар инвесторлар тарапынан 777 млн доллар мөлшерінде қаржы алды – тірі микробтары бар тыңайтқыш жасауы үшін. Осылайша ірі компаниялар экология мен азық-түлікке зиянды химикаттардан бас тарту үшін бактериялы тыңайтқыштарға иек артпақ. Микроорганизмдер, соның ішінде, саңырауқұлақ паразиттері мен вирустар соңғы жылдары зиянкес жәдіктер мен аурулардан қорғау үшін пайдаланылып келеді. Алайда, жаһандық жылынудың қарқын алып, климат дағдарысының тереңдей түсуіне байланысты зиянды азотты тыңайтқыш секілді синтетикалық баламадан бас тартып, астық түсімін арттыра алатын басқа тәсілдерін іздеуге көшкен. Бактериялы тыңайтқыш атмосфераға зиянды заттар бөлетін әрі суды улап ластайтын азоттан бас тартуға көмектеседі. Мәселен, Канада елі тыңайтқыштан атмосфераға бөлінетін зиянды заттардан 2030 жылы толық құтылуды жөн көріп отыр. 2021 жылы бактериялы тыңайтқышқа тартылған инвестиция мқлшері 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге өскен. Десе де бактериялы тыңайтқыштың тиімділігі ғылыми тұрғыдан әлі дәлелденбегенін айта кету керек. Мұндай тыңайтқыш дайындауға тапсырыс алған компаниялар ол туралы ақпарат сұрастырған емес. Осыған байланысты экологиялық тыңайтқышпен қамтамасыз ететін Denmark-based Novozymes компаниясының агрономы Джон Трелоардың (Jon Treloar) айтуынша, тыңайтқыштың экологиялық баламасы астық түсімін кемітер болса, бұл жайт барлық индустрияға залалын тигізеді. Осы жылдың қаңтар айында азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірген сарапшылар тыңайтқыш бағасының өсуіне байланысты күллі әлемді аштық жайлауы мүмкін екенін ескерткен еді.

0 пікір
Мұрағат